Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты

25.05.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен маусымның 12-не жоспарланған кездесуден бас тартты. Бұл туралы оның солтүстіккореялық президентке жолдаған хатында жазылған.

«Менің сізбен кездескім келіп еді. Бірақ, өкінішке қарай, сіздің соңғы мәлімдемеңізге байланысты бұл жүздесуді өткізу мүмкін емес деп есептеймін», делінген бұл хатта.

Алайда, Трамп Ким Чен Ынмен өзге жолы кездесетініне үімітті екенін атап өтті.

Дегенмен, Солтүстік Корея Дональд Трамптың сингапурлық саммитті болдырмауына қарамастан, АҚШ-пен келіссөздерге әзір екенін жеткізді.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу