Трамп Путинмен кездесуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Путинмен кездесуден бас тартты

30.11.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Аргентинада өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспейтін болды. Ақ үй басшысы бұл шешімді Керчь бұғазындағы оқиға жөніндегі баяндамамен танысқаннан кейін қабылдады.

Айта кетсек, оның ұшағы Буэнос-Айрес әуежайына осыдан бірер сағат бұрын қонды.

Трамп украиналық кемелер мен теңізшілер елдеріне оралмағандықтан, Путинмен саммитте жүздеспеуді жөн деп тапқан. Кремль болса, АҚШ тарапынан екі президенттің кездесуіне қатысты ресми ақпарат болмағанын мәлімдеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу