Еревандағы шеру екі күнге тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еревандағы шеру екі күнге тоқтады

27.04.2018

Еревандағы наразылық акциялары алдағы екі күнге тоқтады. Мұны оппозиция лидері Никол Пашинян бүгінгі баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Ал, сәуірдің 29-да шерулер жаңа серпінмен қайта басталмақ. Бұған қоса, Пашинянның сөзінше, акция Арменияның өзге де қалаларына тарауы тиіс.

Осыған дейін елдің уақытша премьер-министрі Карен Карапетян журналистердің қатысуымен Пашинянмен  келіссөз жүргізуден бас тартты. Оппозиционер кездесудің ашық болуын талап еткен еді. Ал, Карапетян сөйлесудің бұл форматы нәтиже бермейтінін мәлімдеген.

Пашинянның ескертуінше, премьерлікке «халықтан шыққан үміткер» тағайындалмаса, оппозиция парламенттік сайлауға бойкот жариялайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу