Баку мен Ереванда Қарабақ соғысы құрбандарын еске алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баку мен Ереванда Қарабақ соғысы құрбандарын еске алу рәсімі өтті

28.09.2021

Таулы Қарабақ үшін екінші соғыстың басталғанына бір жыл болды. Сондықтан, Әзірбайжан мен Арменияда сол қарулы жанжалдың құрбандарын еске алу рәсімі өтті.

Бакуде президент Ильхам Әлиев пен оның жұбайы қатысқан маршта 3 мыңдай жауынгер қаза тапқан сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың портретін көтеріп шеру тартып өтті. Және де болашақ мемориалдық кешеннің іргетасы қаланды. Әлиев Қарабақ жанжалының тарихта қалғанын және Әзербайжан жерінің енді бөлшектенбейтінін ескертті.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян болса, Еревандағы мемориалға барып, құрбан болған сарбаздардың рухына бағыштап гүл шоқтарын қойды. Ал, жексенбіде республиканың мыңдаған тұрғыны шырақ ұстап, жауынгерлер жерленген зиратқа барды.

Айта кетсек, былтырға 44-күндік соғыста 3700-ден астам армян мен әзірбайжандық 2800 әскери қызметкер мерт болып, Таулы Қарабақтың басым бөлігі мен оның айналасындағы аудандар Әзербайжанға қайтарылғаны белгілі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу