Иран мен Сауд Арабиясы қайта байланыс орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран мен Сауд Арабиясы қайта байланыс орнатпақ

11.03.2023

Таяу Шығыстағы екі қарсылас мемлекет – Сауд Арабиясы мен Иран дипломатиялық байланыстарды қайта жандандыруға уағдаласты. Бұл туралы мәлімдемені олардың өкілдері Қытай астанасы Бейжіңде 4 күнге созылған келіссөздерден кейін жасады.

Әр-Рияд пен Тегеран қатынастары жеті жыл бұрын тоқтады. Бұған Саудияда шиит діни қызметкердің өлім жазасына кесілуі себепші. Бұл оқиғадан кейін, осы корольдіктің Ирандағы елшілігіне шабуыл жасалды.

Иран мен Саудия - аймақтық үстемдікке ұмтылып келе жатқан елдер. Және де олар бүгінде Ливанда, Сирияда, Иракта, Йеменде бір-бірімен соғысушы тараптарды қолдап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу