Еуропа одағы Бразилиядан тауық етін импорттауға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Бразилиядан тауық етін импорттауға тыйым салды

20.04.2018

Еуропа одағы Бразилиядан ет өнімдерін, соның ішінде, әсіресе тауық етін импорттауға тыйым салды. Еуропа комиссиясының мәлімдеуінше, енді Бразилияның 20 компаниясы Қарт құрлыққа бұл тауарды жөнелте алмайды.  

Брюссель қатаң шараны Бразилия ет өнімдерін дұрыс бақыламайды және одан келген тауық еті санитарлық нормаларға жауап бере алмайды деген себеппен қолданып отыр.

Бразилия ауыл шаруашылығы министрі Блайро Маггидің мәлімдеуінше, Еуропа одағы «коммерциялық барьер» қою мақсатында оның еліне «сауда соғысын» жариялады. Министрдің сөзінше, ет өнімдерінде санитарлық проблемалар бар екені құжатпен дәлелденген жоқ. Сондықтан, Бразилия одақтың әрекетіне қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірейін деп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу