ЕО Ресей мұнайына эмбарго жариялауға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО Ресей мұнайына эмбарго жариялауға келісті

31.05.2022

Еуропа одағы лидерлері кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы алтыншы рет санкция жариялауға уағдаласты. Бұл пакетке Ресейдің мұнайын импорттауға жартылай тыйым салу және «Сбербанкті» SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажырату шаралары кіреді. Еуропа одағы Ресейдің теңізбен немесе порттар арқылы келетін энергетикалық шикізатынан, яғни Ресей осы аймаққа экспорттайтын мұнайдың үштен екі бөлігінен бас тартайын деп отыр.

Ал құбырмен жететін мұнай импортын тоқтатудың сәті түспеді. Өйткені бұған Венгрия қарсы. Дегенмен Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен жыл соңына дейін одақтың Ресейден мұнай сатып алуды 90 пайызға қысқартатынына үміт білдірді.

Сонымен қатар Еуропа мемлекеттерінің жетекшілері Украинаға қазіргі мұқтаждықтарын өтеуге 9 миллиар еуро көмек беру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқандарын да мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу