Қытай Жапониядан балық өнімдерін импорттауға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Жапониядан балық өнімдерін импорттауға тыйым салды

28.08.2023

Жапонияның «Фукусима» атом электр станциясынан Тынық мұхитқа радиоактивті су жіберіле бастағалы Оңтүстік Корея тұрғындары теңіз өнімдерінен қауіптенетін болды. Арнайы сауалнама қорытындысына сай, елдің 64 пайызы бұл өнімдерді тұтынуды азайтуды көздеп отыр. Жапония 2011 жылғы цунамиден қираған АЭС-тың реакторларын салқындату үшін жүздеген мың тонна су қолданған. Ол 4 күн бұрын мұхитқа жіберіле бастады. Ресми Токио су мейлінше залалсыздандырылды деп отыр. Соған қарамастан Қытай да Жапониядан балық өнімдерін импорттауға тыйым салды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу