Сауд Арабиясында алғаш рет коммерциялық киотеатр ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында алғаш рет коммерциялық киотеатр ашылды

19.04.2018

Сөйтіп, 40 жыл бұрын оларға салынған тыйым өз күшін жойып отыр. Театрдың ашылу салтанатында қызыл кілем төселіп, оның үстінен үкімет өкілдері мен шетелдік меймандар жүріп өтті. Көпқабатты кинотеатрда 450 орын бар. Ал, фильмдерге билет сату бүгін басталады.

Айта кетсек, қазір бұл монархияда түбегейлі қоғамдық-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр. 32 жастағы ханзада Мұхаммед бин Салман соңғы екі жылда бірталай шектеулерді жойып, концерттер өткізуге, әйелдердің көлік жүргізуіне, стадиондарға баруына рұқсат берді. Сонымен қатар, өткен аптада Сауд Арабиясында бірінші рет сән үлгілері көрсетілген.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу