Меккеде қажылық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меккеде қажылық басталды

26.06.2023

Бүгін Сауда Арабиясында қажылық ресми түрде басталды. Болжамдарға қарағанда, оған биыл 2 миллионнан астам мұсылман қатысады. Үшжылдық пандемиядан кейін қажылық алғаш рет ешқандай коронавирустық шектеусіз толық көлемде өтіп жатыр.

Жер-жаһанда 1,8 миллиард адам ислам дінін ұстанады. Солардың кейбірі бес парыздың бірін өтеу үшін өмір бойы қаражат жинайды немесе бірнеше жыл рұқсат күтеді.

Сауд Арабиясы үкіметінің Қазақстанға биылғы жылға бөлген квотасына сәйкес, 15 маусым мен 10 шілде аралығында киелі мекенге 4 мыңға жуық қазақстандық зиярат етуі керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу