Сауд Арабиясында мұсылмандар Меккенің шығысындағы Арафатқа аттанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында мұсылмандар Меккенің шығысындағы Арафатқа аттанып жатыр

08.07.2022

Сауд Арабиясында мұсылмандар Мекке қаласының шығысындағы Арафатқа аттанып жатыр. Онда бес парыздың бірін өтеуге жиналған жамағат Қажылықтың маңызды күнін атап өтеді.

Бұның алдында мұсылмандың көбі осыдан 14 ғасыр бұрын Мұхаммед Пайғамбар ізбасарларына соңғы өсиетін айтқан Арафат тауында Аллаға құлшылық етті.

Қажылық шілденің 7-де басталып, 12-де аяқталады. 2019 жылдан бері алғаш рет шектеусіз өтіп жатқан Қажылық үшін Сауд Арабиясына биыл жер-жаһаннан коронавирусқа қарсы иммундалған бір миллиондай адам ғана жиналды.

  Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу