Әзірбайжандағы президент сайлауында елдің қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев 86,9 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Қалған кандидаттар 5 пайыздық көрсеткіштен де аса алмаған. Осылайша, Ильхам Әлиев үшінші мерзімге, яғни 7 жылға сайланды. Халықаралық бақылаушылар саяси науқанның ашық әрі демократиялық талаптарға сай өткенін мәлімдеді.
Бүгін олар бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз мәслихатын өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру кезінде бірде-бір заңсыздық тіркелмеген. Сайлауда әсіресе, жастар жағы белсенділік танытып, елдегі жалпы сайлаушылардың 80 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған.