Боливияда сан мың адам шеруге шығып, өз елдері үшін теңізге жол ашуды талап етті. Бұл акция «Көк толқын» деген атпен өтіп жатыр. Демонстранттардың сөзінше, Халықаралық әділет соты Боливияның талабын қанағаттандыруы керек.
Айта кетсек, бұл мемлекет 19-шы ғасырда Чилимен соғысқанда Тынық мұхитқа кіретін жолдан айырылып қалды. Сондықтан, қазір Боливия теңіз арқылы шетелге табиғи газ бен минералдардық ресурстарын экспорттайтын дәліз іздеп отыр.
Хавьер Завалэта, Боливия Қорғаныс министрі:
- Біз Чилиге Халықаралық әділет соты арқылы мәселені дипломатиялық жолмен шешуді ұсындық. Сол үшін Чилидің шетелдегі корпусымен халықаралық трибуналдың алдында да отырдық. Қолға қару алған жоқпыз, жауласпадық та. Біз әділет жолын таңдап отырмыз.
Арыстан РЫСБЕК