Техастың Остин қаласында болған үш жарылыстың біріне-бірі қатысы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техастың Остин қаласында болған үш жарылыстың біріне-бірі қатысы бар

13.03.2018

Техастың Остин қаласында болған үш бірдей жарылыс бір-бірімен байланысты болып шықты. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған жауаптыларды іздестіріп жатыр. Түрлі күндері болған үш жарылыстан 2 адам қаза тауып, тағы екі кісі жараланған еді. Олар өздері тұрып жатқан үйдің қасында белгісіз біреулер жіберген сәлемдемені көтерген немесе ашқан кезде, кенеттен қорап жарылғанда мерт болды.

Полицияның дерегінше, оқиға нәсілдік жеккөрушіліктен жасалған қастандық болуы мүмкін. Марқұмдардың үшеуі афроамерикалық, біреуі латынамерикалық болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу