Бейжіңдегі Цинхуа университетінің зертханасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңдегі Цинхуа университетінің зертханасында жарылыс болды

18.12.2015
Бейжіңдегі Цинхуа университетінің зертханасында жарылыс болды

Бейжіңде, Қытайдың ең үздік деген  оқу орындарының бірі – Цинхуа университетінде 18 желтоқсан күні болған жарылыстың салдарынан кемінде бір адам көз жұмды.  Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Осы оқиғаға байланысты таратылған суреттерден жарылыстың екінші қабатта болғандығын байқауға болады. Жарылыстан соң ғимаратта өрт шығып, терезелерден қою қара түтін шығып тұр.  

Жарылыстың салдарын анықталуда.

 

 

Хабарламаларға жазылу