Сочиде дельфиндер шоуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде дельфиндер шоуы өтті

07.03.2018

Ресейдің Сочи қаласында футболдан Әлем чемпионатының басталуына 100 күн қалғанда дельфиндер шоуы өтті.  Қызықты шараны тамашалауға жиналғандар алдында дельфиндер теңбіл доппен түрлі трюктер көрсетті. Содан кейін көпшілік жаққа үлкен шарлар ұшырылды.

Айта кетсек, Әлем чемпионаты биыл Ресейде маусым-шілде айлары аралығында өтеді. Дүниежүзілік матч қабылдайтын орындардың ішінде Сочидің жаңадан тұрғызылған «Фишт» стадионы да бар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу