Дубайда әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі ашылды

22.10.2021

Дубайда көпшілікті таңғалдырған ерекше нысан пайда болды. Мұнда әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі ашылды. Соның құрметіне қалада өте ауқымды дрондар мен фейерверктер шоуы өтті.

«Көгілдір су» аралында орналасқан «Дубайдың көзі» атты дөңгелектің биіктігі 250 метр болады. Және де ол бір сәтте 1750 көрерменді отырғызып, жарты сағат айналады екен.

Айта кетсек, Дубай осы айдың басында ашылған Экспо-2020 көрмесіне миллиондаған адам тартудан үмітті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу