Шавкат Мирзиёев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жетекшісін орнынан босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Мирзиёев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жетекшісін орнынан босатты

01.02.2018

73 жастағы Рустам Иноятов бұл мекемені 23 жыл басқарды және де оны бір кездері халықаралық баспасөз «өзбектің Бериясы» деп атады. Өйткені, Иноятов қатал репрессиялық машинаның басы-қасында жүріп, қоғамды қорқытумен бақылады деген пікір бар. Иноятовтың орнына бұрынғы бас прокурор Ихтиор Абдуллаев тағайындалды.

Айта кетсек, жаңа президент 2016 жылы билікке келгелі елде кең ауқымды реформа жүргізіп жатыр. Мәселен, ұлттық валюта еркін айналымға жіберілді, Ташкенттің көрші елдермен байланысы жақсарды, кейбір саяси тұтқындар түрмеден босатылды, бұқаралық ақпарат құралдарына біршама еркіндік берілді. Бұл өзгерістер Иноятовқа ұнамаған. Алайда, бірқатар сарапшылардың ойынша, осындай негізгі оппонентінен арылғаннан кейін Мирзиёев енді бар билікті өз қолына шоғырландыруға тырысуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу