Токиода боран соғып, көлік қатынасы тежелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиода боран соғып, көлік қатынасы тежелмек

22.01.2018

Жапония астанасы Токио боранға әзірленіп жатыр. Сондықтан, бүгін «Эн-эйч-кей» ұлттық телекомпаниясы еңбекқор халықты үйге ерте қайтуға үндеп, пойыздардың кейбірі жүрмейтінін хабарлады. Осыдан бірнеше сағат бұрын алып мегаполисте қар борай бастады. Оның қалыңдығы ертең 10 сантиметрге жетпек.

Токиода жылына кемінде бір мәрте қар жауады. Ақ мамық осы жолы тез еріп кетпей, көп жатуы мүмкін. Соған байланысты бірқатар экспресс-пойыздар мүлде тоқтады. Ал, жүрісін доғармаған өзге теміржол көліктерінің саны айтарлықтай азайып кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу