Испанияның солтүстік-батысына қалың қар түсіп, оқу орындары жабылып жатыр. Күн райының қолайсыздығынан, әсіресе, елдің Кастилия-Леон автономиялық аймағындағы Сеговия қаласы зардап шекті. Бүгін мұнда 10 мыңнан астам студент үйде отыруға мәжбүр. Соңғы деректерге сүйенсек, боран кесірінен мектеп автобустары жолға шыға алмай жатыр. Сондай-ақ, елдің 17 провинциясында температура күрт төмендеп, бұрқасын соққан. Жергілікті тұрғындар тас жолдардың жабылуына байланысты діттеген жеріне жете алмай әбігерге түсті. Қазір көшелерді қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ