Боранға байланысты жедел штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боранға байланысты жедел штаб құрылды

14.12.2023

Осы Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы жағдайға орай, көлік министрлігінің ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды. Онда жолда қалғандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Десе де Тараз-Шымкент бағытында қаңтарылып тұрған машина көп. Ондаған адам құтқарылып, жылу бекеттеріне жеткізілген. Десе де қолайсыз ауа райы тас жолдарды толық тазартуға кедергі келтіріп тұр.

Төлеген Абдуллин, ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:

Бұл аймақтарда желдің жылдамдығы секундына 40 метр. Қандай да бір тазарту жұмыстарын жүргізуге қол байлау болып тұр. Себебі ештеңе көрінбейді. Ал жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар қолдан келгенін жасап жатыр.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу