АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери-әуе жаттығуын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери-әуе жаттығуын бастады

04.12.2017

Бүгін АҚШ пен Оңтүстік Корея өз тарихында ең ауқымды әскери-әуе жаттығуын бастады. Ол Корей түбегі аспанында желтоқсанның 8-не дейін жалғасады. Жаттығуларға 230-дай жойғыш ұшақ қатысады. Солардың қатарында Американың әйгілі F-22 Раптор ұшақтары бар.

Бұл маневрлар Солтүстік Корея халықаралық санкциялар мен айыптауларды ескерместен, құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағаннан кейін бір апта өткенде ұйымдастырылып отыр.

Мун Сан-Гун, Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Оңтүстік Корея әуе күштері қолбасшылығы мен Құрама Штаттардың әуе күштері бірлесіп, «Қырағы ұшқыш» жаттығуын бастады. Оның мақсаты – екі елдің соғыс кезіндегі операцияларға қабілеттілігін жақсарта түсу.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу