Сауд Арабиясында жемқорлық үшін 10 ханзада мен 4 министр тұтқынға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында жемқорлық үшін 10 ханзада мен 4 министр тұтқынға алынды

06.11.2017

Сауд Арабиясында жемқорлық жасағаны үшін 10 ханзада мен 4 министр тұтқынға алынды. Бұл туралы Аl Arabiya хабарлады. Сондай-ақ, Ұлттық гвардия және әскери теңіз флотының басшылары қызметтен босатылған. Күдіктілердің барлығына «ақшаны жымқырды», «пара алды» және «жемқорлық жасады» деген айып тағылды.

Айта кетейік, таяуда ғана ел королі Салман бен Әбдел Әзиз әз-Сауд тапсырысымен жемқорлыққа қарсы комитет құрылған болатын. Олар қазір елде бұған қарсы қатаң бақылау жүргізіп жатыр.  Ал, ханзадалардың тұтқындалуы Сауд Арабиясының қазіргі тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға болып отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу