Ұлыбританияда «Monarch Airlines» әуе компаниясы өз қызметін дереу тоқтатты. Бұл шешімнен шетелде 110 мыңдай жолаушы зардап шегіп отыр. Сонымен қатар, 300 мыңдай ұшақ билетіне алдын ала берілген тапсырыс өз күшін жойды. Ал, осы компанияның ұшақтарымен оралуды жоспарлаған адамдар алдағы екі аптада Британияға жеткізілді.
«Monarch Airlines» - корольдіктегі ең ірі авиациялық кәсіпорындардың бірі. Оның жұмысты доғаруына еуропалық әуе компаниялары тарапынан бәсекелестіктің күшеюі, инвесторлардың табылмауы себепші.
Арыстан РЫСБЕК