Мәскеудің екі әуежайы қызметін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудің екі әуежайы қызметін тоқтатты

25.08.2023

Бүгін таңертең Мәскеудің екі әуежайы қызметін уақытша тоқтатты. Олар – «Внуково» және «Домодедово» авиациялық терминалдары. Мұны ТАСС агенттігі хабарлап отыр.

Айта кетсек, өткен түні Ресейдің Тула, Калуга облыстарының тұрғындары жарылыстың жаңғырығын естігендерін хабарлады.

Сонымен қатар, сейсенбі және сәрсенбі күндері Украина дрондарының шабуылына байланысты Ресейде әуе рейстері қысқа уақытқа доғарылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу