«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ

21.02.2014
«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ
«Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан және Алматыдан Киевке ұшатын бірқатар рейстерді алып тастауды жоспарлауда.
 
Сонымен қатар, әуе компаниясы Киевтегі жағдайға және Борисполь әуежайына күнделікті бақылау жасап отырады, деп хабарлайды компанияның баспасөз орталығы.

Еске сала кетсек, кеше «РБК daily» басылымы ресейлік әуе компаниялары Украинадағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп отырғандығын жеткізді.

S7 Airlines әуе компаниясы украиндық агенттерге Одесса, Киев және Симферополь әуежайларынан өзге, барлық бағыттарда билеттерді сатуға тыйым салған болатын.

Хабарламаларға жазылу