Парижде пошта кеңсесінің төбесі көкөніс өсіретін фермаға айналды. Мұнда 30-ға жуық қызметкер аумағы 900 шаршы метр жерге қызанақ егіп, тіпті тауық өсіруді жоспарлап отыр. Шатырда орналасқан ферма жақын маңдағы компаниялардың қызметкерлерінің де қызығушылығын тудырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, төбедегі шаруашылық ауасы тар кеңседен бір сәтке шығып, табиғатқа жақын болуға көмектеседі.
Айта кетсек, ерекше жоба үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы 33 нұсқасының бірі.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ