Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

30.04.2021

Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды. Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Мемлекеттік сыйлық иегері, әнші-композитор «Анаға сәлем», «Әдемі-ау», «Атамекен» сынды 200-ге жуық ән, романс, хор шығармаларының авторы. Оның әндері сан буынды тәрбиелеп, қазақ өнерінің алтын жауһарына айналды. Әншінің есімі ұрпақтар сабақтастығында қалған жырларымен мәңгі жасайтын болды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы композитордың жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бүгін 21:00-де Abai TV телеарнасынан әйгілі композитордың өмір жолына арналған арнайы хабар көрсетіледі.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу