«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай мерейтойлық маркалар шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай мерейтойлық маркалар шықты

10.10.2018

4 марка 4 түрлі кезеңмен байланыстырылған. Әуелгісі Тәуелсіз елдің алғашқы маркасы «Алтын Сарбаз». Сосын пошта мен телеграф кеңсесінің ең бірінші ғимараты. Бөлімшенің соңғы жетістіктеріне арналған марка да бар. Ал, төртінші таңбада болашақтағы қазақстандық пошта бейнеленген. Салтанатты шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол «Қазпошта» кең байтақ еліміздің әр түкпірін бір-бірімен байланыстырып отырған ең ірі оператор екендігін атап өтті. Сонымен бірге, «маңызды сала күннен-күнге дамып, заман талабына сай технологиялар енгізіліп жатыр», - деді. 

Светлана Цветова, ардагер пошташы:

- Әр мемлекет маркасын әдемі етіп шығаруға тырысады. Себебі, орамхат, конверт әлемді аралайды ғой. Ал, біздің маркаларда тарих та, жануарлар әлемі мен табиғат та бар. Керемет. Мұндай салтанатқа қатысу мен үшін құрмет.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу