Барселонада мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада мыңдаған адам шеруге шықты

21.09.2017

Барселонада Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдумды жақтаған жүздеген адам полициямен қақтығысып, ондағаны тұтқындалды. Демонстрация Испания үкіметі осы референдумдың өткізбеу үшін жергілікті 12 шенеунікті тұтқындағаннан кейін күшейе түсті. Қамалғандардың арасында Каталонияның экономика министрі Хосеп Мария Хове де бар.

Бұған наразылық ретінде Барселона мен өзге қалаларда ондаған мың адам шеруге шығып, «Басқыншылар кетіңдер!», «Еуропа қайдасың?» деп ұрандатты.

Айта кету керек, Каталония тәуелсіздік туралы референдумды қазанның 1-де өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, Испания оны заңсыз деп атап, өз аумағының бөлшектенуіне жол бермейтінін ескертіп келеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу