Мексикада 7,1 баллдық зілзаладан қаза тапқандардың саны 248-ге жетіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада 7,1 баллдық зілзаладан қаза тапқандардың саны 248-ге жетіп отыр

20.09.2017

Құрбандардың әлі де көбеюі мүмкін. Бұл – «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің соңғы деректері. Әзірге апаттан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жойқын жер сілкінісінен Мехико, Морелос, Пуэбла, Герреро және Оахака штаттарында ондаған үй құлап, 4 миллионға жуық адам жарықсыз қалған.

Ел астанасы Мехикода бастауыш мектеп қирап, 22 бала опат болды. Тағы 30-ға жуығы  із-түзсіз жоғалып кетті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, зілзала мұндағы 40 шақты ғимаратты жермен-жексен еткен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу