Мексикада жойқын жер сілкінісі болды. Қуаты 7,1 баллдық дүмпуден 149 адам қаза тапқан. Құрбан болғандардың саны өсіп жатыр. Ел астанасы Мехикода 40 шақты ғимарат жермен-жексен болған. Мұнда әуежай жұмысын тоқтатты. 3 млн. 800 мың тұрғын электр жарығынсыз қалған. Ал, адамдар өз қолдарымен үйінділердің астында қалғандарды алып шығуға тырысып жатыр.
Елдің сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Атенсинго қаласына жақын маңда 57 шақырым тереңдікте анықталған. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ