Мексикадағы зілзала 40 шақты ғимаратты жермен-жексен еткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикадағы зілзала 40 шақты ғимаратты жермен-жексен еткен

20.09.2017

Мексикадағы қуатты жер сілкінісінен 200-ден аса адам қаза тапты. Зілзаладан қазақстандықтар зардап шекті деген ақпарат жоқ. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл мемлекеттегі Қазақстанның елшілігі консулдық есепте тұрған отандастарымызбен байланыс орнатқан. Оларға сабыр сақтау, тұрғылықты мекен-жайлары туралы ақпарат беру және жергілікті биліктің кеңестеріне құлақ асу туралы ескертілді.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ, Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу