Жапонияда зілзаладан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зілзаладан 3 адам қаза тапты

18.06.2018

Жапонияда қуаты 6,1 баллдық зілзаладан 3 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланды. Жер сілкінісі таңертең елдің Осака префектурасында болған. Дүмпу 10 метр тереңдікте анықталды. Цунами қаупі туралы ескерту жасалған жоқ. Зілзала кезінде электр жарығы өшіп, ауруханадағы науқастарды эвакуациялауға тура келген. Қазір 170 мыңдай пәтер жарықсыз қалып отыр.

Бұған қоса, оқ пойыздар қатынасы тоқтап, ұшақ рейстері де доғарылды. Биліктің ескертуінше, Осакада алдағы күндері бірнеше жер дүмпуі қайталануы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу