Рохинджа мұсылмандары жаңбыр астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рохинджа мұсылмандары жаңбыр астында қалды

18.09.2017

Бангладештегі рохинджа-мұсылмандарының лагерінде күрделі жағдай. Мұнда босқындар бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдың астында қалды. Күркелер суға батып, көшені лай басқан. Санитарлық жағдайдың ушығуынан балалар арасында диарея тәрізді аурулар тарады. Жүкті әйелдер де өз денсаулықтарына алаңдаулы.

Мьянмада тамыздың 25-де дағдарыс басталғалы Бангладешке 400 мыңдай адам қашып барған. Халықаралық қауымдастық Мьянма жетекшілігін зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндеді. Дегенмен, билік рохинджаларды «террористер» деп атап, оларға қарсы заңды операция жүргізіп отырғанын мәлімдеп отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу