Мьянмадан 10 күнде 123 мың мұсылман қашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмадан 10 күнде 123 мың мұсылман қашты

05.09.2017

Мьянманың батысынан соңғы 10 күнде Бангладешке қашқан мұсылмандар саны 123 мыңға жетті. Олардың бір бөлігі көрші елге қайықпен барып жатыр.

Рохинджа мұсылмандары негізінен буддистер тұратын Мьянмада ондаған жылдар бойы кемсітушілік көріп келеді. Бұған қарсылық ретінде тамыздың 25-де рохинджалық содырлар 30 шақты полиция бекетіне шабуыл жасады. Содан кейін Мьянманың қауіпсіздік күштері «тазалау операциясын» жүргізді. Екі жақ арасындағы қақтығыстан 400-ден астам адам мерт болған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу