Рохинджалардың жеріне база салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рохинджалардың жеріне база салынып жатыр

13.03.2018

Мьянмада бұрын рохинджа мұсылмандары тұрған аумаққа қазір әскери базалар салынып жатыр. Халықаралық «Эмнести Интернешнл» ұйымы бұған спутниктен түсірілген бейнекадрлар арқылы көз жеткізген.

Былтыр тамыздағы қақтығыстарға дейін мұнда 700 мыңдай рохинджалық өмір сүрді. Сонымен бірге, бұл жерде олардың үйлері мен мешіттері тұрған еді. Мына видеоға қарасақ, қазір олардың орнында әскери бекеттер, қауіпсіздік нысандары, жаңа үйлер бой көтеріп, жол құрылысы жүріп жатыр. Ал, сол жерде қалған кейбір рохинджа мұсылмандары күштеп әскери базаларға жөнелтілген.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр күзде Мьянма армиясы мен буддистердің зорлық-зобылығынан көрші Бангладешке жүздеген мың рохинджа қашып барды. Оларды туған жеріне қайтару туралы келісім қараша айында жасалды. Алайда, бұл процесс әлі күнге дейін басталмаған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу