Испания мемлекеттік прокуратурасы Каталонияда 700-ден астам қала мэрін сотқа шақырды. Өйткені, олар осы провинцияның тәуелсіздігі туралы референдумды қолдаған. Егер бұл басшылар тергеуге қатысудан бас тартатын болса, полиция оларды тұтқындауға құқылы.
Каталония Испаниядан бөліну немесе жеке мемлекет болу туралы референдумды қазанның 1-де өткізуді жоспарлап отыр. Корольдіктің конституциялық соты болса, Испанияның бөлшектенбейтінін ескертіп, алдағы дауыс беру шарасын ұйымдастыруға тыйым салып отыр.
Арыстан РЫСБЕК