Мьянмадан Бангладешке қашқан рохинджалық мұсылмандардың саны 164 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмадан Бангладешке қашқан рохинджалық мұсылмандардың саны 164 мыңға жетті

07.09.2017

Олар тамыздың 25-де көрші елге үдере көше бастады. Өйткені, сол күні рохинджалық қарулы топ 30 шақты полиция бекетін шабуылдағаннан кейін Мьянма қауіпсіздік күштері Ракхайн штатында «тазалау операциясына» кірісті. Мұсылман содырлары мен үкімет әскері арасындағы қақтығыстан 400-дей адам қаза тапты. Рохинджалықтарға сенсек, буддисттік Мьянма басшылығы оларды «кезінде Бангладештен ауып келгенсіңдер» деп елден аластатқысы келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу