Бангладешке рохинджа босқындарының саны 537 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладешке рохинджа босқындарының саны 537 мыңға жетті

17.10.2017

Мьянмада буддистердің зорлық-зомбылығынан қашып, Бангладешке барған рохинджа мұсылмандарының саны жарты миллионнан асты. Тағы мыңдаған адам жексенбіден бері көрші мемлекеттегі онсыз да адамға лық толы босқындар лагеріне жеткен. Олардың кейбіреуі шекарадан өте алмай, балаларымен сазды күріш алқаптарында түнеуге мәжбүр болды.

Мьянмадағы рохинджалар тамыздың 25-дегі қақтығыстардан бері Бангладешке жаппай кете бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, Мьянмада оларға қарсы этникалық тазарту жүргізіліп жатыр. Дегенмен, билік бұл кінәні жоққа шығарып, рохинджалардың өздерін террористер деп атады.  

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу