Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарын қайта жаңғыртуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарын қайта жаңғыртуы мүмкін

20.01.2022

Бұл туралы бүгін Пхеньянда ел лидері Ким Чен Ынның төрағалық етуімен өткен «Корея Еңбек» партиясы Орталық комитеті саяси бюросының отырысында айтылды. Ким Чен Ын АҚШ-пен ұзақ мерзімді текетіреске дайындалуды тапсырған. Сарапшылардың пікірінше, бұл жерде құрлықаралық баллистикалық зымырандар және ядролық қару сынақтары жайында сөз қозғалып жатыр.

Айта кетсек, мұндай сынақтар өткізуге 2017 жылдан бері мораторий жарияланған еді.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу