Пхеньянда жанармай 7 есеге қымбаттады

26.04.2017

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда жанармай сатуға шектеу қойылды. Сондықтан, бензин бағасы бірден 7 есеге қымбаттап кеткен. Мұны бүгін Қытай ақпарат құралдары хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бұл мемлекетке қарсы санкцияларды күшейтіп, оған мұнай сатуды доғару жолдарын жұма күні талқылайды.

Солтүстік Корея энергетикалық отынның көбін Қытайдан импорттайды. Вашингтонмен бірге Бейжің де Ким Чен Ын режимінен зымырандық-ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етіп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу