Бангладештің солтүстігінде тасқыннан 27 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладештің солтүстігінде тасқыннан 27 адам қаза тапты

14.08.2017

Табиғи апаттан жарты миллиондай тұрғын зардап шегіп, 400 мыңға жуық адам уақытша шатырларды паналауға мәжбүр.

Елдің солтүстігіндегі 20 ауданда үздіксіз жауын соңы тасқынға ұласты. Су енді орталық аудандарға қарай ойысып барады. 

Қалашықтар мен ауылдар, үйлер мен темір жолдар су астында қалған. Тасқындарды ескерту және алдын алу орталығының хабарлауынша, үш бірдей өзен суының деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу