Қытайда тасқыннан құтқару операциясы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тасқыннан құтқару операциясы жалғасып жатыр

03.08.2023

Қытайдың тасқын жайлаған аудандарында құтқару операциялары жалғасып жатыр. Елдің солтүстігінде және Бейжіңде «Доксур» тайфунымен жеткен алапат жауын бірнеше күн бойы жауды. Соның салдарынан қалалар мен елдімекендердің көшелері өзенге айналып, шамамен 20 адам қаза тауып, 26 тұрғын жоғалып кетті. Тасқыннан жолдар бұзылып, энергия жүйесі істен шығып, ауыз су құбырлары да зақымданған.

Метеоролгтардың айтуынша, Бейжіңде мұндай алапат нөсер жауын соңғы 140 жылда алғаш рет жауып отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу