Мұздық өзенге құлады: Үндістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 26-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұздық өзенге құлады: Үндістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 26-ға жетті

09.02.2021

Үндістанда алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 26-ға жетті. Тағы 200-дей адам із-түссіз жоғалғандар сантында. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетсек, оқиға жексенбі күні елдің солтүстігінде болды. Гималай тауынан алып мұздық өзенге құлап, лай көшкіні жүрді. Соның салдарынан бөген жарылып, салынып жатқан екі электр станциясы мен шағын ауылды су шайып кеткен. Қазір өзен бойындағы елді мекен тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу