Дубайдағы 86 қабатты «Torch Tower» ғимараты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайдағы 86 қабатты «Torch Tower» ғимараты өртенді

04.08.2017

Мамандар оны шамамен екі сағаттың ішінде сөндірген. Зәулім үйдің 40 қабатын жалын шарпып үлгерген. Сондықтан, жүздеген адам түн ішінде далаға қашты. Дегенмен, ешкім зардап шеккен жоқ. «Torch Tower» соңғы екі жылда осымен екінші мәрте отқа оранды. Ресми мәліметке жүгінсек, Біріккен Араб Әмірліктері аумағында тез жанатын материалмен қапталған 30 мыңдай ғимарат бар. Сол үшін жыл басында жергілікті билік нысандардың сыртын қауіпсіз ету туралы арнайы заң шығарды.

 

Арыстан РЫСБЕК   

Хабарламаларға жазылу