Танымал француз құзға өрмелеушісі Esentai Tower ғимаратына шықты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал француз құзға өрмелеушісі Esentai Tower ғимаратына шықты (ФОТО)

24.04.2016
Танымал француз құзға өрмелеушісі Esentai Tower ғимаратына шықты (ФОТО)

Танымал француз құзға өрмелеушісі,  есімі Гиннес рекордтар кітабына енген Ален Робер Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты.

53 жастағы «өрмекші адам» Қазақстанға Алматыдағы ең биік ғимаратты бағындыру мақсатымен келген.  Биіктігі 168 метр болатын ғимаратқа А.Робер альпинистік құралмен көтерілді.  Арасында бөгеліп камераға түсіріп отырды. Бір сағат көлемінде өрмекші адам шатырға шықты.  Робердің шоуын жүздеген адам тамашалады.

Робер шыңға өрмелеумен бала кезінен айналысатынын жеткізді.  11 жасында ең алғашқы биіктігін бағындырған ол шыңға өрмелеуді хоббиге айналдырған. 

Француз спортшысы Қытайдағы,  Ұлыбританиядағы,  Франциядағы ең биік ғимаратты бағындыруды мақсат тұтып отыр.   Осыған дейін спортшы 70 ғимаратқа шыққан екен.  Олардың ішінде IBM бас ғимараты, Hilton, Framatome, Куала-Лумпурдағы Петронас мұнарасы, Барселонадағы Торре агбар ғимараты,  түрлі банктердің ғимараты,  Мəскеудегі ММУ ғимараты бар. Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж Халифа» ғимаратын 6 сағатта бағындырған. 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу