Қытайда пішіні пандаға ұқсайтын 100 Күн энергиясы фермасы салынып жатыр. Жоспар бойынша, аюға ұқсас станция алдағы 25 жылда 3 миллиард 200 миллион киловатт энергия өндіріп, жылына 10 мыңнан астам үй шаруашылығын электрмен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, бұл жоба іске қосылғаннан кейін 1 миллион тоннадан астам көмір үнемделіп, ауаға тарайтын улы газдың мөлшері 3 миллион тоннаға дейін азаяды.
Арыстан РЫСБЕК