Қытайдың Сычуань провинциясында  жаңа туған 36 панда жұрт назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Сычуань провинциясында  жаңа туған 36 панда жұрт назарына ұсынылды

13.10.2017

Адамдар оларға тамақ беріп, саябақ қызметкерлеріне көмектесті. «Си-си-ти-ви» телекомпаниясының хабарлауынша, қазіргі таңда елде панда өсіру күннен-күнге  дамып келеді. Биылдың өзінде арнайы орталықта бас-аяғы 42 панда дүниеге келген екен. Олардың  15-і егіздер болып отыр. 

Мамандардың айтуынша, мұндай бамбук аюларының аяққа тұрып кету мүмкіндігі  98 пайыз. Сондай-ақ, санақ бойынша, әлемде 1860 алып панда бар екені анықталды. Олардың басым бөлігі Қытайда тіршілік етіп жатыр.     

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу