Басты Жаңалықтар Францияның оңтүстігінде алапат өрт 1400 гектар орман алқабын шарпыды

Францияның оңтүстігінде алапат өрт 1400 гектар орман алқабын шарпыды

Тілсіз жаудан Воклюз ауданының Ла-Бастидонн коммунасы көп зардап шекті. Күшті желмен тез тараған от орманның 600 гектар бөлігін түгелдей жалмап кеткен. Жүз шақты тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Табиғи апатқа байланысты қалалар арасындағы кейбір жолдар жабылды. Өрт курорттық Сен-Тропе қалашығына да жеткен. Дегенмен, желдің күші бәсеңдегендіктен, одан төнген қауіп сейіліп келеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Бөлісу